«Шымкент әкімі Әйтенов қызметінен кетпейді»

Оның орынбасары "пара алу" ісі бойынша ұсталған


25/07/2023
01:29 16226 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі әкім Мұрат Әйтеновтің өз жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. 

 

– Қазір қала әкімі Мұрат Әйтенов өз жұмысын жалғастырып жатыр, – делінген хабарламада. 

 

Мұрат Әйтеновтің орынбасары Мақсұт Исахов «пара алу» ісі бойынша ұсталғаннан кейін әлеуметтік желіде әкімнің қызметінен кететіні жөнінде ақпарат тараған. 

 

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып 2020 жылы тағайындалған. Ол оған дейін Шымкент әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 

Поделиться

Нет комментариев.

25/07/2023 01:29
16226 0

Уведомление